Мен сені сүймеймін

Жаныма сыйлайсың жылу шын,
Сол жылу бірақ та жүк болар.
Сен неткен сұлусың, сұлусың,
Сен шығар әлемді құтқарар.
Сен, мейлі, ұнат не ұнатпа,
Мен өзге біреу деп күймеймін.
Мен саған тәнтімін, бірақ та,
Мен сені сүймеймін, сүймеймін.

Көзіме түскен бір елессің,
Мен саған тәнтімін себепсіз.
Сен маған сәйкес еш емессің,
Бірақ та басқалар керексіз.
Адуын алаулап айнала,
Сергелдең сезімнен күйреймін.
… Бәрі оның сұлу сөз жай ғана,
Мен сені сүймеймін, сүймеймін.
Әрі қарай

Астанадағы бір домбыра

Домбыра Party: Астанадағы бір домбыра

Жалпы, Домбыра-патилердің орнын өзгерту ықтимал дүние ме? Оң жағада, Кенесары ескерткіші жанында скамейкалармен қатар мынадай домбыра мүсіні бар. Тақырыпқа сай болар ма еді деген ой ғой… Адамдар да көп жүреді онда.
Мүмкін емес болса да, біле жүріңіздер дегенім. Дәл осындай домбыралардың қаланың өзге жерлерінде де бар екенін жорамалдаймын.
Әрі қарай

Мен...

13 тамыздағы ресми емес мерекеге орай ойға келген сауалнама барысында керекшілердің «икемделулерін» анықтайық.Блог - MERmukhanov: Мен...
Әрі қарай

Нағыз еркек

Соккер соққыр: Нағыз еркек
Ви́нсент Пи́тер «Ви́нни» Джонс — Уотфордтың тумасы. Жасы қазір 48-де.
Ағылшын футболшысы, бірақ Уэльс құрамасында өнер көрсеткен. Көбіңіз, әрине, оны футбол матчтарынан емес, көгілдір экрандағы фильмдерден көрдіңіздер.
Маған оның кинодағы рөлі жасыл алаңдағысынан аса өзгере қоймаған секілді көрінеді. Қай киносын қарамасам да не аз сөйлейтін, не мүлдем сөйлемейтін қанішер және қатігез кісі өлтірушіні сомдап жүреді.
Бала кезінде тәуір техника иесі болғанымен, ересек мансабында балташыға көбірек ұқсаттым. Нағыз жауынгер, қаймықпайтын дүлей. Жақындағанын шауып түсіреді. Оның бала кезінде футболмен қош айтысып, кейін қайта оралғанын да айтады білгіштер. Алайда, кейін ол енді қолапайсыз «ағаш» қорғаушы боп оралды. Бірақ, бұл жақсы, техникасы мығым қорғаушы — команданың жауы. Егер де, әрине, жартылай қорғаушыдан өзге амплуа ұстамайтын Барселона болмасаң.
«Жындылар бандасы» деп ат қойылған «Уимболдонның» құрамында Англия кубогін ұтып алған Винни кейін бірқатар ағылшын клубтарында ойнады. Қорғаушы және жартылай қорғаушы позициясында өнер көрсеткен ол 384 ресми матчта ойнап, 33 гол соқты.
Әрі қарай

Салфетка

Ақын емес болғандықтан азулы,
Бос сөзде де білмейді екем қажуды.
Таусылғандай әлемде бар тақырып
Тапқан екем мен де нені жазуды!

Сүртейін бе не қолымды, бетімді,
Салфеткамның түрлері бар не түрлі.
Пайдалану осы жұмсақ қағазды,
Мәдениеттің көрінісі секілді.

Әне жатыр салфетканың құрғағы,
Міне жатыр антимикроб-ылғалы.
Жол жүруші адамыңа бұл нәрсе,
Аса қажет жарақ болып тұрғаны.

Пах, салфетка! Демеңіздер далбаса,
Шала біткен ақын жырын арнаса.
Мына өлең шықпас па еді жарыққа
Жазатұғын бір салфетка болмаса.
Қаңтар, 2010
Әрі қарай

Мен көрген Париж немесе бірнеше сағаттағы төрт "романтикалық" оқиға

Жалпы, алыс шетелді көру — маған біршама таңсық дүние. «Болашакер», я сыртқа жиі шығатын мажор емеспін. Алайда, наурыздың соңы-көкектің басында сәті түсіп, мен және 8 қыз-келіншек (ару, апа, апай, әже :d) Шенген алып, Еуропаға тарттық. Шенгенің болса, кем жерің болмайды екен, елден елге кіресің. Алмандардың орыстілді фирмасымен хабарласып, арнайы туржолдамамен Парижге де бардық.
Париж менің көңілімнен шықты, үмітімді ақтады. Алайда, мен бұл қалаға аса қатты талап қойып, үміт күтпегенімді айта кету керек. Жапондықтар бір синдромға ұшырайтын көрінеді. Француздар сондай бір романтикаға толы, ерекше халық деп санап келіп, бұ жақта олар сенімнен шықпағасын ауырып қалады екен. Париж де олар ойлағандай болмайды екен. Қу бас, қысық көз романтиктер-ай!
Блог - MERmukhanov: Мен көрген Париж немесе бірнеше сағаттағы төрт романтикалық оқиға
Мен көрген Париж — әдемі қала, орташа статистикалық еуропалық шаһар. Эйфель жақта да, басқа жерде де — қаптаған қара нәсілді көше сатушылары. Бірінен кәдесыйлар сатып алып жатып, "Қай жақтансың?" демеймін бе?
— Сенегалдан.
— Қазақстанды білесің бе?
— Білмеймін.
— Шын айтқаныңа рахмет.
Әрі қарай

Қол сындырудың ең тәуір әдісі

Мадридтің Реалы биылғы маусым алды матчтарының бірін Англияда өткізді. Борнмут — британдықтар үшін сирек, жағажайлы, курортты әсем қала. Нанға уылдырық жағып үйренген Жылы мекенге үйренген галактикос үшін тамаша орын секілді.
Жергілікті қала аттас клубпен ойын барысында Кришитану Роналду айып добын қақпадан қиыс теуіп, 11 жасар баланың қолын доппен сындырып қойды.
«Жауыз, жауыз! Месси болса, жас балаға әлімжеттік жасамас еді, айуан!» десті кей глорлар.
«Не деген шеберлік! Кейбіреулер атпалдай қақпаңа тигізе алмай жаптқанда, бұл қолға дәл тигізді» деп шықты өзгелері.
11 жасар жанкүйер Чарли Сильвервуд ойын соңына дейін шыдап, кейін барып дәрігерге қаралғанда, 2 жерден қолы сынғаны белгілі болды. "Қол кетпегенде, алдыңғы тіс кететін еді" деп шүкірлік қылды балақай. Айыбы үшін мадридтіктер қолтаңбалы жейдені баланың бағына байлап жіберді.
Көше жақта «Балалар, менің қолымды ең қымбат ойыншы сындырды» деп жүр енді бұл балғын.

Әрі қарай